Бүгін, 2025 жылғы 20 наурыз күні мектебімізде » Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты:оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Жыл бастауы – Наурыз бүкіл Қазақстан халқының ортақ мерекесі. Наурыз – әлем халықтары арасындағы жылдың жаңаруын әйгілейтін, адамзат дәстүрлері ішіндегі ежелгі мереке. Мектеп оқушылары халқымыздың ескі әуендерін айтып, би өнерлерін көрсетті. Барлық оқушылар ұлттық киімдер киіп келіп мерекелік көңіл- күй сыйлады. Наурыз мерекесі Қыдыр атаның ақ ниетті батасымен аяқталды. Жауаптылар: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Наурыз мейрамы құтты болсын!!!