Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінің 2 «А» сынып оқушысы Утилов Альтаир атасымен бірге “Менің атам” челленджіне қатысуда.Жобаның мақсаты–ұрпақтар сабақтастығының жалғасы, отбасы құндылықтарын дәріптеу және үлгі ету болып табылады. ”Ата көрген оқ жонар”,-демекші, әке-шешеден, ата-бабадан көрген тәлім-тәрбие баланың өміріне әсер етеді, яғни атаның мейірімін, өнегесін көрген бала іскер, еңбекқор болып өседі. Бұл сөздің астарында ұлттық тәрбиенің маңызы жатқаны анық. Бала ата-анасының іс-әрекетінен үлгі алып, соны қайталайды, жақсы мен жаманды солардан үйренеді. Челленджді жолдаймыз