Аудандық «Зерде» ғылыми жоба конкурсының жеңімпаздары
2019 жылы 6 мамыр күні Мичурин орта мектебінде аудандық «Зерде» ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға 1-7 сынып оқушылары қатысты. Мектебімізден 4 оқушы бақтарын сынады. 18 жобаның ішінен екі жобаны ғана таңдады. Бұл — мектебіміздің 3 сынып оқушылары Тортаева Назерке мен Абдираимова Алтынай дайындаған этномәдениеттану секциясы бойынша «Ақ тағамдарының адам ағзасына пайдасы», «Қазақ ұлттық тағамы құрт» тақырыбы бойынша ғылыми жобалары еді. Жетекшілері — Женисхан Лина.
Кішкентай жеңімпаздарымызға тек сәттілік тілейміз!