«Бақытты family» іс-шарасы
2019 жылы 12 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар ауданы Новоямышево ауылының мәдениет үйінде «Бақытты family» атты іс-шара өтті.
Ұйымдастырушылар:
— Ямышев ОЖББМ;
— Кеңес ауылдық округінің әкімшілігі;
— Ауылдың Мәдениет үйі.
Іс-шара өз отбасы үшін сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеуге, отбасылық дәстүрлерді дамытуға, өз отбасының тарихына деген қызығушылығын дамытуға, сондай-ақ отбасының өмірлік идеалы туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.
Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұлттықбірегейлікті сақтау сияқты қоғамның санасын жаңғырту бағыттарына сәйкескеледі. Конкурс отбасыларына өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін, тілі мен музыкасын, әдебиет пен салт-дәстүрлерін, бір сөзбен айтқанда, отбасының ұлттық рухын көрсетуге көмектеседі.
Қазылар алқасына ауыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Павлодар ауданының мәдениет бөлімінің өкілі, «Заман тынысы» редакциясы шақырылды.
Гран –при иегерлері – Мухамедияровтар отбасы, 1 орын – Толеу отбасы, 2 орын – Хамитовтар отбасы және 3 орын Кайтаевтар отбасы алды.