Жас Мәшһүртанушылар
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы- ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ әдебиеті мен әдебиетінің білгілі тұлғасы.Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіп атаның көп қырлы талант екені елге мәлім.Сол кісінің шығармашылығын дәріптеу мақсатында жыл сайын «Мәшһүр оқулар» өтіп келе жатыр. Айта кетерлік жайт, Павлодар ауданында тұңғыш рет Мәшһүр орталығы ашылды және ол біздің мектебімізде. Орталық жетекшіміз: Сейтказина Қымбат Өкенқызы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Мәңгілік ел — ұлттық идеясын жүзеге асырудағы тарихи тұлғалар» тақырыбы бойынша облыстық дөңгелек үстелмен жалғасты. Шараға Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Сейтқазина Қымбат Өкенқызы басшылық етеді. Бұл ауқымды тапсырманы талапты да, жас Мәшһүртанушы оқушылар жүзеге асырды, атап айтқанда Мәшһүртану пәнін 6-сыныптан осы күнге дейін зерттеп, зерделеп келе жатқан 10-сынып оқушылары. Іс-шара барысының негізгі тақырыптары: осы күнге дейінгі жұмыстармен танысу, тәуелсіздікті аңсаған, тәуелсіздік жолында жан тапсырған батырларды құрметтеу, тәуелсіздікті алудың қиын болғанын, бірақ сол тәуелсіздікті ұстап тұру одан да қиын екені өскелең ұрпақтың санасына құю еді. Іс-шараның соңында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы, Үздік ғалым, Фиология ғылымының докторы, Қазақ филология кафедрасының профессоры, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ЖОО үздік оқытушы грантының иегері, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері — Айтмұхамбет Қасымұлы Тұрышев «Бұл орталық көркейсін, Мәшһүр есімін биікке көркейтетін жастарымыз аман болсын!-, деген ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар, іс-шараға мектеп оқушылары және мектеп ұстаздарынан басқа тіліміздің жанашырлары қатысты.Олар: Арман Бақтанұлы Қани, Полина Шакауқызы Ташева, Хабзат Қасенұлы Баужанов және Баткеев Бақытбек Тілеубайұлы. Қуанышты жаңалықтар қатарын жалғастырсақ, жуырда ғана «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты ІХ аудандық зияткерлік конкурстан біздің мектептен: 10-сынып оқушылары Сейтқажы Жансая, Сержан Хундыз, Камелбай Дингул және Хуанған Гүлжазира қатысып бас жүлде 1-орынды қанжығаларына байлап, 12мамыр күні болған облыстық кезеңде Павлодар ауданы атын қорғаған болатын. Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 12 мамыр күні мектеп оқушылары арасында «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты ІХ облыстық зияткерлік конкурсын өткізді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын оқушыларға насихаттау мен кеңінен таратуды мақсат еткен сайысқа облысымыздың 45 оқушысы қатысты. Қазылар алқасына басшылық құрғандардың арасында ойшыл ақынның ұрпағы, Еуразия Инновациялық Университетінің филология ғылымдарының кандидаты Жүсіпов Ертай Қуандықұлы, С.Торайғыров атындағы университетінің «Мәшһүртану» орталығының басшысы Анафина Нәйля Қаткенқызы және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлкеттік университеті, Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы, Фиология ғылымының докторы, Қазақ филология кафедрасының профессоры, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі,Айтмұхамбет Қасымұлы Тұрышев болды.Конкурс 3-бағытта жұмыс жасады.Бірінші бағыт: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрасы бойынша мектебіміздің атын қорғаған, Павлодар ауданы Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Камельбай Дингуль ІІ орынды иеленсе, «Білімді зерек адам болам!» — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазу бағытында ІІІ орын 10сынып оқушысы Сержан Хундызға бұйырды.Айта кетсек, алдыңғы жылы дәл осы Мәшһүр оқуларынан аудан және облыстан Камелбай Дингул мен Сейтқажы Жансая 1 және 3-ші орынды иеленген болатын.
Осындай қасиетті Мәшһүр атамыздың атын елге мәлім ететін, болашағынан үлкен үміт күттіретін, жас та дарынды оқушыларымыздың көп болуына тілектеспіз! Мұндай жетістістіктерге жетіп жатқанымыз өнегелі ұстазымыз Сейтказина Қымбат Өкеновнаға айтар алғысымыз шексіз! Шәкірт жемісі- ұстаз жемісі екенін, ешқашан естен шығармайық достар!