image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Оқушыларға ағаштан ыдыс-аяқ жасаудың қыр-сырын ұйымдастырған Әмеш Ақылжан .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі өскелең ұрпаққа қазақ елінің тарихи маңыздылығы мен кереметін танытып, бойына сіңіру педагогтардың басты міндеті екені анық . Сондықтан қазіргі таңда жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытып,ұлттық өнеріміздің өркендеуіне жол ашуымыз қажет.Осынау ата-бабамыздың келе жатқан асыл мұраны әрі қарай жалғастыру,жас буынға таныстырып ,қасиетін сезіндіре білу,қазақ жерінде ғана емес,бүкіл әлемге паш ету,мұрамызды жаңғырту-біздің борышымыз.

Осы жоба аясында Ямышев жалпы орта білім білім беру мектебінде ағаштан ыдыс жасау шебер сағаты өткізілді.Оқушыларға ағаштан ыдыс-аяқ жасаудың қыр-сырын ұйымдастырған Әмеш Ақылжан . Ол кісінің айтуы бойынша ағаштан жасалған ыдыстар адам денсаулығына пайдасы тигізіп қана қоймай,оның ішіндегі тағам жақсы сақталатынын айтып өтті.Осы қасиетті ата-бабаларымыз жақсы білген екен.Ата-бабаларымыз ағаштың түрін жай күйін,қасиетін өте жақсы білген.Ыдыс жарылып кетпес үшін оны майлап,барынша майды сіңіру қажет.Ағаш ұсталарының айнайы құрал-сайманы болады.Олар ағаш жабатын шот қашаудың түрлері,ыңғыру,үскі секілді құралдар. Ағаштан жасалған ыдысты бояуға да болады.Әр түрлі ою-өрнектер салып бояйтынын,безендіретінін көрсетті.