Педагогикалық оқулар өткізілді
2019 жылы 29 наурыз күні мектепте педагогикалық оқулар өткізілді. Оқулар мақсаты- мектеп педагогтарын ғылыми зерттеулерді әзірлеу мен қолдануға, жобалау әдістерін меңгеруге, теориялық және тәжірибелік мәселелер мен сұрақтарын талдауға қарқынды тарту. Педагогтардың әдістемелік жетістіктерін жариялау мен насихаттау. Қоғамның назарын мектеп жетістіктері мен мәселелеріне аудару,тәрбиеленушілердің адамгершілік тәрбиесінің негізін қалаудағы этноэкологияның ролі. Педагогтардың жұмыс мазмұны қосымша білім берудің басымды бағыттары мен талаптарына сай болды. Тәрбиеленушілердің тәжірибелік –бағытты білімдерін бекітуге арналған тәжірибелерін түрлі формада көрсете алды.