Президент Қасым-Жомарт Тоқаев съезге қатысушыларды Ұстаздар күнімен құттықтап, педагогикалық қоғамдастық еліміздің жарқын болашағы үшін тынымсыз еңбек етуді жалғастырып келе жатқанын ерекше атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев съезге қатысушыларды Ұстаздар күнімен құттықтап, педагогикалық қоғамдастықтың еліміздің жарқын болашағы үшін тынымсыз еңбек етіп келе жатқанын атап өтті
Мемлекет басшысының пікірінше, педагогика ғылымның маңызды салаларының біріне айналды. Сондықтан бұл салада түбегейлі жаңа тәсілдер қажет. Осы тұрғыда Президент білім беру саласына қатысты бірқатар мәселелерді қозғады.
Біріншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде педагогтар тек оқу материалдарын оқытып қана қоймай, балалардың әлеуметтік дағдылары мен эмоционалды интеллекциясының дамуына ықпал етеді. Педагогтың жоғары даярлығы тұрақты кәсіби дамуды, эмпатияны және өзгерістерге дайындықты талап етеді.
— Педагог — біздің ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыру барысындағы маңызды буын.