image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ямышев ЖОББМ-де «Қауіпсіз интернет» ақпараттық кампаниясын ұйымдастыру және өткізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Мектепте 04.04-17.04 аралығында «Қауіпсіз интернет»ақпараттық кампаниясы өтуде.
Мақсаты: қоғамның назарын баланың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардың теріс әсерінен қорғауға, насихаттау мен үгіттеуге аудару.
Науқан аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
Науқанды дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат сайтта орналастырылған ;
Сондай-ақ, мектепте «ата-ана бақылауы» арнайы қызметін дербес компьютерлерге, планшеттерге, смартфондарға орнату мүмкіндігі кезінде ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.»;
Информатика мұғалімдері Калашова А. Ж., Тусупбаева З. К. ата-аналарға арналған тақырыптық буклеттер әзірледі;
«Пайдалы және қауіпсіз интернет» тақырыбына жалпы мектептік жиын өткізілді»;
«Менің өмірімдегі Интернет» тақырыбында плакаттар, суреттер конкурсы өтті»;
Мектеп Педагог-психологы Л. А. Пинчук 6,8 сыныптар арасында «интернет тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді.»;
Мектепте 1-11 сыныптар арасында 179 ата-аналар жиналысы өтті, сонымен қатар әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары және ата-аналар қауымдастығының өкілдері, мектептің педагогикалық ұжымы «балалардың ақпараттық қауіпсіздігі»тақырыбына қатысты. Жиналыста ата-аналарға әлеуметтік желілердегі жағымсыз ақпараттар, қауіптер туралы ақпарат берілді, онда ата-аналарды ынтымақтастыққа, өзара сенімге шақырды және ата-аналар мен мектептің бірлескен күш-жігері балаларды қателесуден қорғауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Барлық сұрақтар бойынша ата-аналар жиналысының шешімі шығарылып, ұсыныстар берілді
«Медиабезопасность», «әлеуметтік желілер: бұл қауіпті ма?», «Жасөспірімдерге әлеуметтік желілердің әсері».
Мектепте қалаусыз контентті блоктау және сүзу жұмыстары жүргізіледі.
Мектепте оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты лаборантпен, директордың ақпараттық жұмыс жөніндегі орынбасарымен тұрақты бақылау жүргізу қажеттілігі туралы кезекті түсіндіру жұмысы өтті. Мектеп компьютерлеріндегі барлық браузерлер тексерілді.
Өткізілген іс – шаралар нәтижесінде балалардың, ата-аналар мен педагогтардың интернет-сауаттылығы, Интернет қауіпсіздігі қағидалары туралы хабардар болу артты, Интернет желісінде әңгімелесушілерге жауапкершілік пен құрмет сезімдері қалыптасты.