image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

ІТ — сыныптың ашылуы

2019 жылдың 12 наурызында Ямышев жалпы орта білім беру мектебі қабырғасында IT –кабинеттің салтанатты ашылуына өтті.
IT-кабинеттің ашылуы «Рухани Жаңғыру» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Президенттің жолдауының негізінде өткізілуде. Цифрлық инновациялардың әлеуетін тиімді пайдалану біздің уақытымыздың ең негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
ІТ сыныпты ашу іс-шарасына құрметті қонақтары Павлодар ауданының әкімі Шуғаев Жанат Рашидұлы, «Нұр Отан» партиясының Павлодар аудандық филиалы төрағасының орынбасары Тезекбаева Бақытжан Ғабдуллиновна және Павлодар ауданы білім беру бөлімінің басшысы Майдисаров Сакен Игофарович қатысты.
ІТ сыныпты салтанатты түрде ашу Павлодар ауданының әкімі Шуғаев Жанат Рашидұлына және мектебіміздің үздік оқушысы Горкина Суламитаға берілді.
«Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша жоба іске асырылды. Кабинет ең қажетті жабдықтаулармен: оқушыларға 10 +1, мұғалімге арналған компьютер, бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күнде осы мектептің барлық балаларына осы бағытта жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық ортаға балаларды тартуға мүмкіндік береді.
IT кабинетте 6 топ 60 оқушыдан сабақты өткізуі жоспарлануда.