«Әй, жарайсыздар, Аналар!» атты сайыс өтті
2019 жылы 6 наурыз күні Ямышев мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Әй, жарайсыздар,Аналар» атты 8-наурызға арналған сайыс өткізілді. Сайысқа әр сыныптан қызы мен анасы жұп болып қатысты. Сайыс 6 тапсырмадан құрылды: таныстыру, үй тапсырмасы, суреттер сөйлейді, шаш үлгісін жасау, логикалық сұрақтарға жауап беру және қолөнер. Сайыс барысында «Ең үздік жұп» номинациясын 1 сынып оқушысы Каирденова Фариза мен анасы, «Заманауи стиль» номинациясын 3-сынып оқушысы Байбазарова Камилла мен анасы, «Жанды дауыс» номинациясын 4 сынып оқушысы Тұрарқызы Ардақ анасымен және «Өнерлі отбасы» номинациясын 2 сынып оқушысы Шапикен Адина мен анасы иеленді.