image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

1 қыркүйек Білім күні

Бүгін Білім күні Павлодар ауданының әкімі Дычко Николай Васильевич Ямышевка ЖОББМ-де болып, алғашқы қоңырау шалу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада аудан басшысы мерекемен құттықтап, білім беру саласында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарды атап өтті. Салтанатты іс-шарада аудан әкімінен «Namys Stroy» өкілі Ринат Бекболатұлы Апушев мектепке күрделі жөндеу және демеушілік көмек көрсеткені үшін, сондай-ақ Ямышев ЖОББМ педагогикалық ұжымы мен техникалық персоналы мектепті жаңа оқу жылына дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Мектептің бірінші сынып оқушылары өздерінің таланттарын көрсетті. Білім күніне алғашқы қоңырауды 11 сынып оқушылары Харакожа Ерасыл, сондай-ақ 1 сынып оқушылары Салихан Айзере мен Кутилов Степан шырқады. Содан кейін 1, 11 сынып оқушылары білім күніне арналған «мектеп – Мейірім мекені» атты бірыңғай сынып сағатына қатысты