image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

14 наурыз — Көрісу күні, Амал мерекесі.Бұл шара Павлодар ауданының Ямышев ЖООБМ, Заря ЖОББМ, Ольгинка ЖОББМ, Кеңес негізгі мектептерімен ұйымдастырылды. Аталған мектептерден өкілдері көрші мекемелерге шығып, амал мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Кенжекөл ауылындағы балалар үйіне де барып құттықтап, тәттілерден дәм таттырды.

14 наурыз — Көрісу күні, Амал мерекесі.
Бүгін – көрісу күні. Бұл күнді амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
«Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады.
Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн.
Көрісу – татулық, мейірімділік, ізеттілік. Оқушыларға дәстүрімізді насихаттау, ұмыт болып бара жатқан салтымызды жаңғырту мақсатында мектебімізде көрісу күні аталып өтті. Оқушыларға бұл күннің ерекшелігі мен тарихы жөнінде мағлұмат беріліп, көрісу амалдары жасалып, ықылас-тілектер айтылды..

Бұл шара Павлодар ауданының Ямышев ЖООБМ, Заря ЖОББМ, Ольгинка ЖОББМ, Кеңес негізгі мектептерімен ұйымдастырылды.
Аталған мектептерден өкілдері көрші мекемелерге шығып, амал мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Кенжекөл ауылындағы балалар үйіне де барып құттықтап, тәттілерден дәм таттырды.