Алтын жолақ жылқы
Біздің Черноярка ЖОББМ төрі үнемі қызықты да тартымды шаралар өтетін өнер ордасы деп айтуға болады. Мектеп сахнасы, дәліздері әсем әуен, әдемі би мен күмбірлеген күйге толы. Сондай шараның бірі «Алтын жолақ жылқы» демалыс кезінде өткізілді. Шараға 5-6 сынып оқушылары белсене қатысты.
Ойын сайыстың мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережелері туралы білімдерін кеңейту, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту.
Сайысқа екі топ қатысты «Бағдаршам» және «Жол белгілері». Сайыс үш аялдамадан құрылды.
1 аялдама «Жол белгілері».Әрбір топ көрсетілген белгілерге анықтама беріп отырды да, дұрыс жауаптарына сәйкес балл алды.
2 аялдамада екі топқа жол белгілеріне қатысты постер жасап, сынып алдында қорғау.
3 аялдамада оқушыларға кроссворд, жұмбақ шешу ұсынылды.
Өткізілген шара оқушыларға өте қызықты болды. Сайыста екі топ арасында достық жеңді.