Көрме — көрмек үшін
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданымыздың 90 жылдығына орай Черноярка орта жалпы білім беру мектебінде арнайы көрме ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға мектеп басшысы – Айдаболова М.М бастамасымен мектеп ұжымы, кітапхана қызметкері, еңбек мұғалімдері және де оқушылар өз үлестерін қосып, ат салысты. Ұсынылған көрмеде ауылымыздың еңбек ардагерлеріне арнайы стенд жасалды.
Көрме арқылы оқушылар, ата-аналар қауымы мектебімізде атқарылып жатқан осындай игі шараларды тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Балалардың қолымен, еңбектерімен жасалған қолөнер туындылары, қылқаламдарынан шыққан шығармашылықтары көптің көңілінен шығып отыр. Алдағы уақыттарда да барлық атқарылып отырған іс-шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп, көпшілік көзайымына айналарына күмән келтірмейміз.