Черноярка мектебінде «Түлектер» кеші өтті
10 маусым 2017 жылы Черноярка ауылдық аймағында МҮ «Түлектер» кеші өтті. Түлектерді құттықтауға қонақтар, мұғалімдер, ата-аналар келді. Балаларды құттықтауға аудан әкімі Бабенко Александр Витальевичтің өзі келді. Ол балаларды құттықтап қана қоймай, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер берді. ҰБТ-ны тапсыруға сәттілік тіледі.