8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
Жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп қалды.Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдай отырып, біздің мектепте мерекелік концер ұйымдастырылды. Оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән салып шақырылған қанақтарды өздерінің өнерлерімен таң қалдырды.