image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

«Маған қазақша сөйлеу ұнайды» атты челленджі

Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған Черноярка ЖОББМ оқушыларының қатысуымен «Маған қазақша сөйлеу ұнайды» атты челленджі.
Мақсаты: Өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, өздерінің Отанына, өз туған тіліне,еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін сөйлеу арқылы,мәнерлеп оқу арқылы жеткізу, өз Отанының жанашырларын насихаттау.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау мақсатында Черноярка жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Набиева Б.Қ. ұйымдастыруымен 7 «а» мен 7 «б»сынып оқушылар арасында «Маған қазақша сөйлеу ұнайды» атты челлендж өткізілді…
Ана тіліміз ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Әр адам өз ана тілінің көзінің қарашығындай қорғауға, тазалығын сақтауға тиіс. Ана тіліміз мәңгілік елге мәңгілік тіл болады.
Тіл жоғалған халықтың болашағы бұлыңғыр. Сондықтан да бүгінгі күні егемендік алғаннан бері біз мемлекеттік тілге көп көңіл бөліп келеміз. Ел Президентінің Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы Жолдауларында тіл мәселесіне нақтырақ тоқтала келе, мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мәселесі көзделіп отыр. Тәуелсіздігімізді нығайту, оның болашағын зор қылу үшін біз бүгінгі күні осы челленджді бастап отырмыз.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/Cihu3Y3gwBo/?utm_source=ig_web_copy_link