image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

16 қыркүйекте Тілдер мерекесінiң салтанатты түрде жабылуы өтті

Черноярка ЖОББМ 5 қыркүйек 16 қыркүйек аралығында А. Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында — Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған іс — шаралар өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ бірлестігінің мұғалімдері бірлесіп іс — шаралар жоспарын құрып, бекітті. 5 қыркүйекте мектепте оқушылар сап түзеп, онкүндік салтанатты түрде ашылды. Онкүндік бойы ұстаздар жоспарланған барлық шараларын уақытылы өткізiп, барлық сыныптар белсенді қатысты. 16 қыркүйекте Тілдер мерекесінiң салтанатты түрде жабылуы өтті. Қойылған мақсаттар іске асып, нәтижесін берді. Өтілген іс — шараларда белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сілтеме: https://www.instagram.com/p/Ciu-U6-NUzb/?utm_source=ig_web_copy_link