Балаларға бар жақсы болсын дейміз!..
Балдәуреннің ғажабын көрсін дейміз,
Шат күлкіге өмірі толсын дейміз.
Қазақ елі – атасы боталардың,
Балаларға бар жақсы болсын дейміз! – дегендей Шақат орта мектебінің жанындағы «Балбөбек» жазғы сауықтыру лагерінде қазақ елі боталары өздерінің жазғы демалысын жалғастыруда. Балалар танымдық іс-шаралардан басқа қағаздан оригами, саусақпен сурет салумен айналысады. Ондағы мақсат олардың ұжымда жұмыс істеу қабілеттері, өзара достық қарым-қатынас нығая түседі. Достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Достық деген не?» атты шарада балалар пікір алмасып, «Кім тапқыр?» ойыныны арқылы өзінің досын қаншалықты жақсы білетінін көрсете білді. Балғын балалық шағың шаттыққа толы болсын делік.
Лагерь басшысы: Амина Омарова