«Біз білімпаз баламыз!»
Оқушыларымыздың демалысын қызықты да тиімі өткізуді біз әрқашан естен шығармай, назардан тыс қалмауымыз керек деп ойлаймыз! Осы орайда, «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 5-8 сыныптар арасында «Біз білімпаз баламыз!» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Негізгі мақсатымыз 5-8 сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқап, ой өрістерін кеңейту, шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.
Оларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу болып табылды.
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей интеллектуалдық «Біз өнерпаз баламыз» атты ойынымыз жалпы 5 кезеңнен құралды. Сайыс барысында топтар өзін таныстыра, «Бәйге» сұрақтарға жауап беріп, «Тіл өнері», «Қызықты төрттік», және де ойтолғау арқылы кезеңдерден мүдірмей өтіп «Біз білімпаз баламыз!» атанған болатын. Ойын соңында жеңген топ марапатталды.
Айтмуханбетова Сымбат Кунанбаевна,
Шақат ЖООББ мектебі мұғалімі