Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толу қарсаңында Қазақстан халқы зор мақтаныш , қуаныш ,мерекемен қарсы алу үстіндеміз. Тәуелсіздік –Қазақ елінің ежелден тілегі болатын. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданып, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық армандары орындалды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері белгіленсе, 1993 жылы ұлттық теңгеміз айналымға енді.. Ал 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің елордасы –Астана қаласы болды. Бүгін Астананы көшіру тарихи шешіміне — 20 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мектепте іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, елі үшін жанын пида еткен Желтоқсан құрбандары туралы фото суреттер ілініп «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова т.б. Отан үшін отқа түскен жастарымыздың тағдырымен келген Тәуелсіздік мерекесінде олар туралы айтпау мүмкін емес . Осы Іс- шарада 6 сынып оқушылары Аушева Назарет, Қожанова Ажар, Сәдуақасова Ділдә, Дуйсенов Шухрат белсенділік танытса, бастауыш сынып оқушылары «Біз –Тәуелсіз еліміздің ұрпағымыз» , «Мақтанышым –Астанам», «Тәуелсіз мәңгі елім бар » деген өлеңдерді оқыды. «Тәуелсіздік! Ар мен жанның жеңісі, Тәуелсіздік! Асқақ рух жемісі»,-деп ақындар жырлағандай, Тәуелсіздік – қол жеткізген мәңгілік ақиқат болып қала бермек.
Шақат орта мектебі
Нуралина Жанат