image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

Математика-жаратылыстану бағыты бойынша бастауыш сынып апталығына есеп

Шақат орта жалпы білім беру мектебінде  23-27 қазан аралығында математика-жаратылыстану бағыты бойынша бастауыш сынып апталығы  өтті.  Апталықтың ашылуы  басталды, апталық кейіпкерлері, яғни математика, дүниетану  пәндеріне сөз берілді.  Апталық жоспары құрылып, апталыққа арналған қабырға бұрышы дайындалды. Бұл бұрышта түрлі ребустар, сөзжұмбақтар ілінді. Апталықта бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.  1 «А» сынып мұғалімі А.Ш.Искакова  математика пәні бойынша «Ұзындықты қалай өлшейміз?»,  3 «А» сынып мұғалімі Н.С.Мукашева дүниетану  пәні бойынша «Ас қорыту мүшелері, оның қызметі»,   4 «А» сынып мұғалімі  А.К.Омарова дүниетану пәні бойынша «Қара, түсті металл кендері»  атты ашық сабақтар көрсетті.

Сонымен қатар «Білгенге маржан» — ойын-сайыс (дүниетану), «Әдепті бала-арлы бала»-сынып сағаты, «КВЕСТ»-сайыс сияқты іс-шаралар өткізілді.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында үзіліс уақытында  «Қызықты сәт»-сұрақ-жауап, «Викториналық сұрақтар», «Математикалық басқатырғыш» , «Сен білесің бе?-қызықты сұрақтар,  ұлттық ойындар ойналып, жұмбақтар жасырылды.  Үзіліс кезінде өз білімдерін көрсете білген оқушылар: Жұмаш Аңсар – 3 «А» сыныбы, Кораблев М,. – 4 «А» сыныбы, Сәрсенбай Абылай 4 «А» сыныбы, Жуспекова Алина –3 «А» сыныбы,Жақып Мансур – 3 «А», Төкіш Е,. 3 «А»  Ашық сабақтарға математика пәні мұғалімі Г.К.Жуспекова ,  жас мамандар, әріптестер, мектеп әкімшілігі қатысып, өз пікірлерін, ескертулерін айтты. Яғни, сабақтарда математикалық терминдерді қолдану, оқушылардың белсенділігін арттыру, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау.

 

ӘБ жетекшісА.К.Омарова