«15 наурыз- Жайлау күні»
Кең-байтақ қазақ жерінде өмір сүрген ата-бабамыз табиғатпен тығыз байланыста болды. Табиғат – ол біздің бір бөлшегіміз. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.Оны өзімізден кейінгі балаларға да үйретуіміз керек. Наурыз мерекесі қарсаңындағы «Жайлау күні» осы табиғатты аялауға арналған шараларды көздейді. Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Біз үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес. Қыс соңындағы қарларды тазалау, қар астынан шыққан қоқыстарды жинау сияқты істер де көп. Осы күні мектебіміздің еңбек пәнінің мұғалімі Смайлова Маржан Магмерқызы өзінің оқушыларымен мектеп ауласын абаттандыруға арналған гүл тұқымдарын отырғызды. Оқушылар гүл отырғызумен қатар көктем айының ерекше тұстары, ағаштар мен гүлдерді қалай, қай кезде отырғызу керектігі туралы мәліметтермен таныстырылды. Гүл күтіміне қатысты мәліметтермен бір-бірімен бөлісті. Наурыз айы келісімен әр азамат өзінің ауласын тазарттып, абаттандыру жұмыстарын қолға алу керектігі осы күн арқылы барша Қазақстандықтарға ескертілді. Бұл өте мағыналы, тәрбиелік мәні мол шара. Осындай шаралар жалғасын табады деген үміттеміз.
⠀
Шақат мектепішілік баспасөз орталығы
Павлодар ауданы.