image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Білім беру процесінің сапасын арттыру үшін цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану»

Қазіргі мұғалім өзінің пәндік саласында іргелі білімге ие болып қана қоймай, бұл білімді білім алушыларға жеткізе біліп қана қоймай, сонымен қатар ЦББО-ның бірегей мүмкіндіктері туралы біліп, оларды оқу процесінде қолдана білуі, оларды оқу құралы ретінде қолдана білуі керек. Осы бағытта Шақат ЖОББМ педагогикалық кеңес жұмысы ұйымдастырылып өткізілді.   «Білім беру процесінің сапасын арттыру үшін цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбымен кіріспе сөз барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Кымбатовна Смагулова педагогтар ұжымының алдына қойылатын келесі мақсатпен таныстырды: «цифрлық білім беру ортасы», цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктері арқылы білім беру сапасын арттыру бойынша педагогтың іс-әрекетін кеңейту.

Тарих пәні мұғалімі Самат Бейсембаевич Аралов, информатика пәні мұғалімі Қаирбек Тоқжан Серікұлы және ағылшын тілі пәні мұғалімі Марина Кондыбаевна Кукенова әріптестерімізге ұсынатын білім беру процесінің сапасын арттыру үшін цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдаланудың практикалық тәжірибесін көрсетіп, жаңа жұмыс формаларын ұйымдастыру жолдарымен бөлісті. Тарих пәні мұғалімі Серикболсын Ерікұлы Хамзин тарих сабағының күнделік жоспарымен таныстырып, сабақта  цифрлық ресурстарды әр кезеңде қалай пайдаланғанымен бөлісті.