image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Білім күні!

Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, естен кетпес күн болары сөзсіз. Жылдағы дәстүр бойынша Шақат орта жалпы білім беру мектебінде де бұл күні оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылып, ізгі тілектер айтылды. Салтанатты шараға Павлодар ауданыны әкімінің эканомика бөлімі бойынша орынбасары Г.К.Сейтказина, аудан маслихатының депутаты Г.С Унгаров. ардагер ұстаздарымыз қатысты.
Жиын барысында сөз алған мектеп директоры А.К.Искакова метебіміздің өткен оқу жылының басты жетістігі аудандық тамыз жиылысындағы «Ең үздік білім беру ордасы » атағын осымен бірнеше жыл қатарынан алып келе жатқандығын мақтанышпен атады. Жыл сайын метебімізге жас мамандар да келіп қосылатындығы белгілі биылғы жылы да тарих, музыка,ағылшын тілі, математика пәндерінен жас мамандар келіп толықты.
Осы күн 1 сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшілері Н.С.Мукашева мен А.А.Усенова үшін ерекше күн болмақ. Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 10 оқушы аттап отыр. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 1 сынып оқушылары Елеубай Мадияр мен Украинченко Юлия
және 11 сынып оқушылары облыстық Абай оқуларының жүлдегері, би томының белді мүшесі, республикалық домбырашылар байқауының жүлдегері Искакова Аружан мен облыстық Ілияс оқуларының жүлдегері, Тілдер мерекесіне арналған облыстық жас ақындар мүшайрасының жүлдегері Мұрат Динаға берілді.
Мектебіміздің мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқушыларды қарсы алып, мектептегі алғашқы сынып сағаттарына отырғызды. Барша оқушылар мен ұстаздарға биылғы оқу жылында сәттілік тілейміз.