«Дипломмен ауылға»
22 қыркүйекте «AMANAT»
партиясы Павлодар облыстық филиалының
конференц-залында 2023 жылдың
қыркүйегінде ЖОО-ны бітіргеннен кейін
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына
келген жас мамандармен кездесу өтті. Іс-шара
TALQYLAU диалог алаңы аясында өткізілді және
Қазақстанда Еңбек күнін мерекелеудің 10
жылдығына орайластырылды.
Кездесуді Павлодар облысы Білім және
денсаулық сақтау басқармаларының тікелей
қатысуымен «AMANAT» партиясының
Павлодар облыстық филиалы жанындағы білім
және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі
өңірлік кеңес ұйымдастырды.
Конференцияға Шақат ЖОББ мектептің жас маманы Сержан Наурызгүл қатысты. Қатысушыларға жас мамандар жиынына қатысқаны үшін алғыс білдірді.