image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Дәстүрім – мақтанышым»

«Дәстүрім – мақтанышым»
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және президент күніне орай Шақат жалпы орта білім беру мектебінде «Дәстүрім – мақтанышым» атты мектепішілік іс-шара өтті. Бұл іс-шараның ерекшелігі қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі бауырсақтың түрлерін еске түсіріп, жаңғырту болды. Ұлтымыздың дәстүрін ұрпағымызға насихаттау мақсатында өткізілген бұл іс -шара барлық оқушылар мен ұстаздардың көңілінен шыққан еді.

Іс-шараның басты мақсаттары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және қазақ халқының салт –дәстүрін насихаттау. Осы мақсатпен әр сыныптың оқушылары бауырсақтың түр-түрін әкеп, түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын ерекше дайындықпен таныстырылым жасады.
Бауырсақ – кәделі тағам дейді халқымыз. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ дәмді әрі тойымды болып келеді. Бауырсақ дастархан көркі. Адамдар оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ шығар, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы оны жақсы көрмейтің адам жоқ шығар. Мектебіміздің 1-сыныбынан бастап 11-сыныпқа дейін барлығы қатысты. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі – бауырсақтың түрлерін көрсетіп, таныстыру болды. Әр сыныптың үстелі ерекше болды. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене қатысып, іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балалар бауырсақтың түрлерін білді. Оқушылар ұлттық киім киіп, тақпақтарын айтып, күйлерін орындап, балалар жасалған бауырсақтардың жасалу жолдарын айтты. Балалар мен қатар ата-аналарымызда бауырсақтың түрлері: ақ буырсақ, ши бауырсақ, шай бауырсақ, бармақ бауырсақ, жол бауырсақ, қытырлақ тәтті бауырсақ, тұш бауырсақ, томпақ бауырсақ тағы басқа түрлерінің бар екенін білді. Біз білмейтін, ұмытылып қалған бауырсақ түрлерімен танысып қана қоймай, жасалу жолдарын еске түсірідік. Халқымыздың ең көнесі ұмытылып бара жатқан бауырсақтың түрі – жол бауырсақ екен. Кезінде әжелеріміз асығыс қамырды илеп, ашытуға бермей қатты қайнап жатқан майға қамырды үзіп-үзіп қуырып алған болатын. Бауырсақтың бұл түрін көшпенділік мәдениетпен бірге жойылып кетті деуге болады. Қазіргі уақытты ол бауырсақ жасалынбайды. Осында бауырсақтардың ерекше түрлерін паш етіп, іс-шара соңында тағайындалған әділ қазылар өз бағасын берді. #тәуелсіздікке30жыл