Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!
Отан деген-сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер. Отанға деген махаббат, анаға деген махаббатпен тең. Соғыс жылдары Отанымызды сақтап қалу үшін біз болашақ ұрпақ аталарымыз бен апаларымызға зор алғысымызды білдіреміз. Жеңіс күніне орай Шақат орта мектебінің жанындағы «Балдәурен» шағын-орталығында мерекелік іс-шара өткізілді. Шағын-орталық тәрбиеленушілері мерекеге белсене қатысты. Шара барысында балалар өлең жолдарын оқыды. Сонымен қатар қыздардың орындауында «Катюша» биі және әр-түрлі соғыс әндерінен «попурри» биін биледі. Біз өскелең ұрпақ ата-бабаларымызбен мақтанамыз. Осы соғысқа қатысқан әр адамды мақтан тұтамыз.Ол адамдардың ерлігі мәңгілік жүрегімізде сақталады.
Бақыт Нұрғазина
шағын-орталық тәрбиешісі