«Жас мұғалім»
Шақат ЖОББМ мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас педагогтармен жұмыс басты назарға қойылған. Мектеп директоры Алмагуль Кайдаровна Искакованың басшылығымен оқу жылы басталғаннан соңғы қоңырауға дейінгі уақытта — әр жас маманға мектеп әкімшілігі және «Жас мұғалім» мектебі ұжымының тарапынан әдістемелік көмек көрсетілуде. Математика пәні мұғалімі Сержан Наурызгүл және музыка пәні мұғалімі Смағұл Ерболдыұлы Темірбай өз тәлімгерлері Айман Айтмұхановна Искакова және Галима Хакимовна Жуспековамен күнтізібелік және қысқамерзімді жоспарларды құрастырудың қыр-сырын талқылап, білімдерін нығайтты. Сонымен қатар, «Күнделік» электронды журналымен жұмыс орындауы бойынша мектеп директорының орынбасары Тоқжан Серікұлы Қаирбек түсіндірме жұмысын ұйымдастырды. Жас мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде, сабақ барысында оқушылармен жеке, жұп және топпен жұмыс, цифрлық бағдарламаларды пайдалану, формативті бағалауды практика ретінде Алина Игиликовна Женисова, Анжелика Фридриховна Балтабекова ашық сабақ түрінде көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Жоспарымызда келесі аптада ашық сабақтар және тәлімгерлермен бірлесіп, жас мамандармен алғашқы күндерге талдау жасап, қандай да туындаған сұрақтарға жауап беру жұмыстары өткізіледі.