image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Математика және физика бойынша XV халықаралық зерттеу жобалары байқауы өтті.

2025 жылдың 12 наурызында Астана қаласында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы базасында 11 сынып оқушыларына арналған  Ө. Жолдасбеков атындағы математика және физика бойынша XV халықаралық зерттеу жобалары байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — математика және физика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау. Павлодар облысы командасының құрамында Шақат ЖОББМ 11 сынып оқушысы Кораблев Мансур байқауға қатысты. Жұмыс механика бөлімінде ұсынылды. Қазылар алқасы «Бу қозғалтқышын пайдалану» тақырыбын таңдаудағы ғылыми тәсілге назар аудара отырып, біздің қатысушының өнерін жоғары бағалады.