«Біртұтас тәрбие»
Шақат жалпы орта білім мектебінде мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен тәрбиешілеріне арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру» атты аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы жасампаз азаматтарды қалыптастыру. Біртұтас тәрбие және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тәрбиеленушілерді тәрбиелеу.
Семинарға Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Крыкбесова Б.К, Павлодар ауданының білім беру бөлімінің басшысы Дүйсекенова Ж.Қ, Павлодар ауданының білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Сматаева Ж.М, Павлодар ауданынның білім беру бөлімінің маманы Жуматева А.Б қатысты.
Семинар барысында «Балдәурен» шағын-орталығында педагог-модератор Абдикаримова С.С ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы «Сиқырлы математика». Мақсаты: балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімдерін тиянақтау. Сандарды тура, кері санауға үйрету, дидактикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, ұсақ қол маторикасын дамыту. Таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші, биік-аласа) геометриялық фигураларды атау және тану үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Балалар белсенді қатысып, педагог өз мақсатына жетті.
Ұсыныс: 1. Балалардың сөйлеу тілінің дамуына назар аудару, қазақ тіліндегі сөйлеу сөздеріне назар аудару.
2.Ұйымдастырылған қызмет түрінде жасанды интеллект-танымдық даму құралы ретінде қолдану арқылы өз іс-әрекетін әртараптандыруды ойластыру.