«Мектепішілік пән олимпиадасы»
15 қазан күні Шақат ОЖББМ дәстүр бойынша мектепішілік пән олимпиадасы басталып, 14 пән бойынша оқушылар білім сайысына жолдама алды. Олимпиадаға 2-11 сынып оқушылары 100% қатысты. Жыл сайын өткізілетін мектепішілік олимпиаданы оқышылар асыға күтетінің ерекшелігі, барлық пәндер қамтитылады. Негізгі пәндер мен қатар музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру пәндерінен де мұғалімдер практикалық тапсырмамен қатар теориялық білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар әзірлейді. Мектепішілік пән олимпидада 1 орынға ие болған оқушылар аудандық пәндер олимпиадасына дайындалады. Рыспекова Ляззат және Зейнулла Айгуль, оқу озаттары,үздік аттестаттқа үміткерлер – осы олимпиадада жүлделі орынға ие болып, аудан, облыс көлемінде білім додасына қатысуға бар күштерін салуда. Тапсырмалардың ерекшелігі оқушылардың 1 сынып оқушылары. білімдерін тексеру, шығармашылық қабілеттерін дамытуы мен қатар басты назарда логикалық тапсырмалардың орын алуы.