image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Мектепішілік пән олимпиада бойынша

18 қазан күні Шақат ОЖББМ дәстүрі бойынша мектепішілік пән олимпиадасы алауы жанып, 14 жалпы пәндер бойынша оқушылар білім сайысына жолдама алды. Павлодар ауданы білім беру бөлімі жетекшісі Магфура Аубакировна Кауметова және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Кымбатовна Смагулова қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты ашылуда мектеп директорының орынбасары Гаухар Болатовна Сарсембаева және әдістемелік бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен ұйымдастырылған пәндермен таныстыру көрінісі көрсетіліп, оқушылар әр пән маңыздылығы туралы мәлімет алды. Көрініс кезінде жас мұғалімдер белсенділік таныта білді. Олимпиадаға 2-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада алауын жағу құқығына облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері, 11 сынып оқушысы Рысты Жамбулова ие болды. Мектепішілік пән олимпиадада 1 орынға ие болған оқушылар аудандық пәндер олимпиадасына жолдама алып, сабақтан тыс уақытта қызу дайындыққа кіріседі. Мектебіміздің олимпиада командасы жыл сайын ауданда жүлделі орындарды алып, облыстық білім додасына қатысып келеді. Тапсырмалардың ерекшелігі оқушылардың білімдерін тексеру, шығармашылық қабілеттерін дамытуы мен қатар басты назарда логикалық тапсырмалардың орын алуы.

Осындай дәстүрлі мектепішілік іс-шаралар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, түрлі білім сайыстарына қатысуға белсенділіктерін дамытады.

Мектеп директорының орынбасары Г.К.Смагулова