Мемлекеттік емтихан
Бүгін маусымның 8-күні Шақат мектебінде 11-сынып оқушылары кезекті алгебра пәнінен жазбаша емтихан тапсырып жатыр. Биыл мектепті бітіргелі жатқан 7 түлегіміз бар. Оның ішінде «Алтын белгіге» екі оқушы үміткер. Емтиханды тапсыру үшін барлық температуралық жағдай жасалған, сумен қамтамасыз етілді. Жас түлектерімізге сәттілік тілейміз. Емтихандарын ойдағыдай жазып, Алтын белгіге екі үміткеріміз алдағы қиыншылықтардан сүрінбей өтіп, үмітімізді ақтайды деген сенімдеміз.