МҚА мен ҰБТ-ға дайындық
Шақат ЖОББМ мұғалімдері мектептегі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі — мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуын, алға қояды. Іс-әрекетті шебер ұйымдастыра алуы, оқушылардың белгілі бір білім мөлшерін белсенді әрекет ету қабілеттерін игеруге жетуіне ықпал ету. Біздің міндетіміз — оқушыға дайын білімді ұсыну емес, өздік танымдық ізденісті құзыретті түрде ұйымдастыру, сондықтан біз өзіміздің педагогикалық тәжірибемізде әр оқушының белсенді танымдық процеске қатысуын қамтамасыз ететін жеке тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыратын технологияларды қолданамыз. Сабақ барысында, МҚА мен ҰБТ-ға дайындық кезінде білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін АКТ-ны кеңінен қолданамыз.