«Олимпиада жүлдегері»
Шақат ЖОББМ оқушылары сабақтан тыс уақытта пәндер бойынша қосымша сабақтарға қатысып, білім байқауларына белсене дайындалады. Мектебіміздің ұстаздары мектеп директоры Алмагуль Кайдаровна Искакованың жетекшілігімен осындай жұмысты бастауыштан бастайды. Оқушылар орта буынға келгенде өз білімдерін аудан, облыс және республика көлемінде өтетін олимпиадаларда шындай алуға мүмкіндікке ие болады. 5-6 сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасында Қазақтан тарихы пәнінен қатысып жүлделі III Дәрежелі Диплом иегері атанған 5 сынып оқушысы Жұмабек Әмір білімін көрсете алды. Осындай жеңістер көп болсын, мектебіміз әрдайым биіктен көрінуге тілектеспіз!