«Оқушылардың бейімделуі»
Шақат жалпы орта білім беру мектебінде 2022-2023 оқу жылының қараша айының 10-ы күні «Даярлық топ, 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі,, 5 сынып оқушыларының орта буынға,, 10 сынып оқушыларының жоғарғы буынға бейімделуі туралы» шағын педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсембаева Г.Б. оқушылардың орта, жоғары буынға көшу кезіндегі басты мәселелері туралы айтып өтті. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері әр пән бойынша оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімімен таныстырды. Педкеңес соңында мектеп психологы Өміржан Г.К. 5 сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау үшін өткізген әдістерінің нәтижесімен бөлісті.