Соңғы қоңырау
О1.06.2023 жылы Шақат ОЖББ мектебінде соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Осы мерекеге аудан әкімі Н.В.Дычко, аудан оқу бөлімінің басшысы З.Ж.Калиева, аудан маслихатының депутаты Г.С.Унгаров және ауыл әкімі Е.Д.Канкин қатысты. Биылғы оқу жылында 11 сыныпты 7 оқушы тәмамдап отыр. Соның ішінде екі оқушымыз Дуйсенов Шухрат пен Кораблёв Расул «Алтын белгі» үміткерлері. 11 сынып оқушылары өздерінің алғашқы ұстаздары М.А.Темиралина мен Ж.А.Балуспековаға алғыстарын білдірді. Түлектеріміздің ата-аналары мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіре отырып, түлектерге ақ жол тіледі. Осы мерекенің ерекше жүректерді толқытарлық сәті түлектердің соңғы вальс биі болды. Оқушылар өздерінің тілектері жазылған шарды аспанға ұшырып, мектеппен қоштасатын сәттің келгендігін білдірді. Түлектерімізге алдағы емтихандарын, ҰБТ -ді сәтті тарсыруларына тілектеспіз. Сәт сапар, жас түлек!