«Төрлет-төрлет Наурыз»!
Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы да келіп жетті. Күн мен Түн теңеліп, алыс жақын көрісіп, Ұзын сары келетін кез жеті. Біздің шағын орталығымызда да наурыз мейрамы бүлдіршіндердің ізгі ақ тілектерімен бастау алды. Ұлыстың ұлы күні Қыдыр бабамыз бен Наурыз әжеміздің ақ батасы мен тәтті шашуымен әрленсе, бүлдіршіндерімізде қалыс қалмай мерекеге арнайы дайындаған «Наурыз біздің жаңа жыл» әнін және наурызға арналған өлеңдерін оқып тәнті етті. Қыздарымыз мың бұрала қазақ биін сыйға тарса. Ер жігітеріміз мерекемізді ұлттық ойындарымыз күш сынасу, мен ат жарысып қыз қуу мен жайната түсті . Мереке соңында ата-аналар балаларға дайындаған сыйлықтарын тарту етті.
Мадина Курмангазинова.
тәрбиеші