Шақат орта жалпы білім беру мектебінде 1 наурыз-«Алғыс күні» аталып өтті
Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылық көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруші дегендей алғыс айту сізбен біз үшін ерекше іс деп білеміз. Осы орайда мектебімізде Шақат мектебінде алғыс күніне арнайы бірнеше іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтсақ, мектепішілік «Мен сізге алғыс айтқым келеді!» акциясы, «Біз күштіміз» ұлттық ойындар жарысы және дөңгелек мерекелік үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстел барысында оқушылармен ақжаулықты апаларымыз өздерінің өткен замандағы өмір жолы және қызықты сәттерімен оқушылармен бөлісіп, сұхбат әрі музыкалық бағдарлама түрінде өткізілді. Оқушыларымыз қонақтарға сұрақтар қоя отырып, қазіргі уақытпен сонау заманды салыстыра отырып назар сала қызғушылықпен тыңдады. Сол сияқты іс шара барысында өткізілген ұлттық ойындарда қызықты да, әрі тиімді өткізіліп, акцияға оқушылар белсенді қатысып өз рахметтерін айтып, алғыстарын білдіріп жатты.
Осындай мерекелердің арқасында біз біршама рақымшылық қабыл алып, жақсы сезімге бөленіп қаламыз. Осылай әрқашанда әр күніміз алғысқа толы болып, сіз біз деп алғысымызды білдіре және алғыс қабылдай жүрейік дейміз.
Шақат ОЖББМ
директордың тәрбие
ісінің менгерушісі
Айтмуханбетова Сымбат
Кунанбаевна