image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Шақат орта жалпы білім беру мектебінде «Қазіргі тәрбие жұмысындағы замануи технологиялар» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті

Жаңа кезеңдегі білім беру мен тәрбие үдерісінің маңызды мәселелерінің бірі —  жас ұрпаққа рухани– адамгершілік тәрбие беру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлі күннен-күнге арта түсуде. Осы орайда айтар болсақ, тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі. Бұл мәселені біз жас жеткіншектерді тәрбиелеуде бұрыннан да әртүрлі технологияларды қолданып келе жатқанымыз бәрімізге айғақ, сол технологиялар заман дамуына сай әрі өрістеп, дамып жетіліп өзгерістер енгізіп отырады.  Осы мәселені біз мектебімізде әрқашан ортаға салып  бөлісіп отырамыз. Тағы да бір сондай мәселені педагогикалық кеңесімізде ортаға салып талқылаған болатынбыз. Кеңес барысында заманауи технологияларға шолу жасай презентация көрсетіліп, топтық жұмыс арқылы тақырыпқа сай түрлі ситуациялық жағдай туғызылып одан шығу жолдары анықтала дәлелденді.

Сынып жетекші жұмысының маңызды бір бағыты – оқушылардың отбасымен жұмыс жасау. Және де балалар дамуының қай жағын қарастырсақ та, оның әрбір жаста тиімді болуында отбасының атқарар рөлі үлкен. Сондықтан да негізгі тәрбиелеуші отбасы, ал сынып жетекшінің міндеті оларға көмектесу. Кеңесіміздің барысында мектебіміздің сынып жетекшілері де өз сыныбымен жүргізіліп жүрген жұмыстарын ортаға сала қолданылып жүрген замануи технологияларымен ұстаздармен бөліскен болатын.

Соңында рефлексия жүргізіліп кеңес барысында алған әсерлерін «не білдік», «не білгіміз келеді» дегендей ұстаздар өз ықыласын бағдаршам түстеріне орналастырды.  Мектептегі тәрбие көзі-ұстаз, ал отбасында бала тәрбие нәрін ата-анадан алады деп айта кеткіміз келеді. Осы негізде қазіргі таңда жас ұрпақ біздің замануй технологиялар негізінен  нәр алып, саналы азамат болып қалыптаса берсін дейміз!

Айтмуханбетова Сымбат

директордың тәрбие

ісінің меңгеруші