image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Қазақ тілін насихаттау» аясында «Тәуелсіздік тірегім –тіл» атты сайыс өтті

Мектебімізде тілімізді насихаттау мақсатында алуан түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады. Осыған орай қазак тілін насихаттау аясында мектебімізде 5-11 сыныптар арасында  «Тәуелсіздік тірегім –тіл» атты  сайыс өтті.

Біздің басты міндетіміз – мемлекеттік тілді дамытып, оның қолданыс аясын кеңейту, сонымен қатар тіліміздің мәртебесін жоғары көтеріп, оны әрқашан дәріптеп отыру болса керек.

Біз үшін тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, кез келген ұлт пен халықтың өзіндік нышаны. Сондықтан да біз оны қарым-қатынастың құралы ретінде, мемлекеттің бірлігі мен келісімінің тірегі ретінде бағалай білуіміз керек. Біздің қоғамымызда мемлекеттік тілді толығымен орнықтыру үшін оқушыларымыздың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра, оны насихаттай отыруымыз керек. Қазақ  тілін меңгеру – тұрып жатқан Отанымызды тануға және түсінуге орасан зор мүмкіндіктер береді. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау әрқайсымыздың міндетіміз, өйткені біз бір мемлекеттің, ортақ үйіміз – Қазақстанның азаматтарымыз.

Осы орайда тілімізді насихаттау максатында мектебімізде өткізілген «Тәуелсіздік тірегім –тіл» атты  сайысын ерекше атап өте аламыз. Іс-шарамыз жалпы 7 кезеңңнен тұрды. Әрбір кезең қазақ тіліне, салт-дәстүр, әдебиеті мен мәдениетіне деген  оқушылардың танымдық мәртебесін жоғарыға көтерер  бөлімдерден құрылған болатын. Сайысымызға жалпы 3 топ қатысып, сайыс барысында оқушыларымыз тілге деген жанашырлық, сүйіспеншіліктерін таныта, әрі қорғай білді.

Тілімізді насихаттау, оның қоғамдық өмірдің барлық әлеуметтік саласында өзінің мәртебесін алу – мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе. Сондықтан да тіліміздің мәртебесін көтеру біз үшін және оқушыларымыз үшін де –біздің жалпы міндетіміз. Бұл іс шара аясында тіліміздің мәртебесі өрістей, әрі оқушыларымыз үшін септігі тиер үлес қосты  деп білеміз!

 

Айтмуханбетова Сымбат

Кунанбаевна

Қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік

 бірлестігінің жетекшісі