Қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша бастауыш сынып апталығына есеп 2016/2017 оқу жылы
Шақат орта жалпы білім беру мектебінде 10 сәуір мен 15 сәуір аралығында қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша бастауыш сынып апталығы өтті. Апталықтың ашылуы салтанатты түрде басталды, соңынан оқушылар ,яғни қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндеріне сөз берілді. Апталық жоспары құрылып, апталыққа арналған қабырға бұрышы дайындалды. Бұл бұрышта түрлі ребустар, сөзжұмбақтар ілінді. Апталықта бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. 1 «А» сынып мұғалімі Ж.Р.Бегембай сауат ашу пәні бойынша «Буын. Біздің кафеде», 2 «А» сынып мұғалімі Н.С.Мукашева қазақ тілі пәні бойынша «Сан есім», 3 «А» сынып мұғалімі А.К.Омарова әдебиеттік оқу пәні бойынша «Малсақ бала», 4 «А» сынып мұғалімі А.Ш.Искакова қазақ тілі пәні бойынша «Үстеу» . Мұғалімдер жаңа білім мазмұнына сай ә
діс-тәсілдерді қолдана білді. 1 «А» сыныбында оқушылар кафеде ас мәзірін дайындап, келген меймандарды күтіп алып, ас мәзірін ұсынды. 2 «А» сыныбында ақпараттық технология-ларды , злектронды оқулық, флипчартпен жұмыс жасады.4 «А» сыныбында «қар атысу», «кір жаю», «мозаика» әдістерін қолданса 3 «А» сыныбы «диалогты оқыту», сын тұрғысынан ойлау әдістерін сабақта пайдаланды.
1-4 сыныптар аралығында «Жұлдызды сәт» , «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Білім инемен құдық қазғандай», «Көзімнің қарасы . . .» атты танымдық іс-шаралар өткізілді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында үзіліс уақытында «Ойлан, тап!», «Тапқыр достар», «Ойнайық та, ойлайық», «Бәйге» , ұлттық ойындар ойналып, жұмбақтар жасырылды. Үзіліс кезінде өз білімдерін көрсете білген оқушылар: Зейнулла Нұргүл, Искакова Аружан, Иманшарипова Анеля – 4 «А» сыныбы, Сәрсенбай Абылай, Кораблев М, Б.Бидаева 3 «А» сыныбы, Жуспекова Алина, ,Жақып Мансур, Жұмаш Аңсар – 2 «А» сыныбы,
Ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысып, өз пікірлерін айтып, жақсы деген баға берілді.. Яғни, сабақтарда жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдер қолданылды.
Ә.Б жетекшісі: А.К.Омарова