«Өнегелі 15 минут»
Семинардың екінші бөлімі практикалық бөліммен жалғасын тапты. Біртұтас тәрбие бағдарламасын ұйымдастырылған іс-әрекетке еңгізу бойынша Крыкбесова Б.К өз тәжірибесімен бөлісті. Практикалық бөлім біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 бағыттар арқылы жұмыстар жасалды.
«Өнегелі 15 минут» бағыты бойынша қатысушылар практикалық тапсырма орындады. Кесте тігіп, оюды әшекейлеп, және жапсыру жұмыстарын жасап, өз ойларын ортаға салды. «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» дене шынықтыру нұсқаушысы Баймухамбетов Д.К ұлттық ойындар ойнатты. «Күй күмбірі» бөлімі бойынша музыка жетекшісі Темірбай С.Е ритмикалық жаттығу жасатты. «Суды, тамақты, энергияны үнемдеу» және «Қауіпсіздік ережелері» бағыты бойынша қатысушылар әр түрлі сұрақтарға жауап жазып, тапсырмалар орындады. Шағын-орталық тәрбиешілері Нургазина Б.А және Абдикаримова С.С «Асық жасау жолдары» мастер-класс көрсетті. Семинар соңында қатысушылар өз алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын айтты. Қорытынды сөзді мектеп директоры Искакова А.К және Павлодар ауданы білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Сматаева Ж.М айтты.