1 қыркүйек
Шақат ОЖББ мектебінде 1 қыркүйек — алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Иманслям Ержан Иманслямұлы, аудан білім бөлімінің басшысы Зәуреш Жақсылықовна, ауыл әкімі Канкин Ерболат Даурешович қатысты. Мектеп табылдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Алғашқы қоңырауды 1 сынып оқушылары Шалқар Ибрай, Луговая Жанель берді.
Салтанатты жиынға қатысқан қонақтар сынып сағатына қатысты. Өздерінің алғашқы қоңырау мерекелері еске түсірді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Болашақта жақсы оқып, Қазақстанның беделді азаматы боламыз деп уәде берді.