image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

Мерейлі 80 жасқа толып отыр.

Шақат ауылының тұрғыны Искакова Айтпану Әубәкірқызы желтоқсан айының 27-сі күні сексеннің сеңгіріне жетіп отыр. Айтпану Әубәкірқызы 1938 жылдың 27-ші желтоқсанында Алтай өңірінде дүниеге келген. Айтпану әже 10 баланы дүниеге әкеліп, бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған ардақты әже, аяулы ана, ауылымыздың сыйлы азаматшасы. Бүкіл саналы ғұмырында елі үшін еңбек етіп, балаларын да адал еңбек етуге баулыған. Соның нәтижесі ретінде бүгінде балаларының барлығы түрлі салада қызмет етіп жүр. Отан алдындағы осындай адал еңбегі үшін Айтпану әже «Ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі үшін» медальімен, батыр ана ретінде «Алтын алқа» медальімен және де басқа марапаттарға ие болған. Зейнеткерлік жаста болса да, ауылымыздың «Әжелер ансамблі» құрамында осы уақытқа дейін ауылдық, аудандық шараларға белсене қатысып жүр. Кең жүректі, мейірімді, адал, ақ жарқын апамызды 80 жас мерей тойымен шын

Сексеннің сеңгіріне секірген апамызға дүниедегі бар жақсылықты тілегіміз келеді. Амандық болсын, жамандық болмасын! Арамызда аман-есен жүре беріңіз! Немере-шөберелеріңіздің есейгенін көріп, олардың үйлену тойларына қатысып, төрінде дәл қазіргідей қуанып отыра беріңіз! Гүлдей жайнап жүз жасаңыз, апа!

игі тілекпен Шақат округінің ардагерлер кеңесі.