Мектепішілік пән олимпиада алауы жанды.
18 қазан күні Шақат ОЖББМ мектеп дәстүрі бойынша мектепішілк пән олимпиадасы алауы жанып, 13 жалпы пәндер бойынша оқушылар білім сайысына жолдама алды. Мектеп директоры Алмагүл Кайдаровна Искакова және Павлодар ауданы білім беру бөлімі әдіскері Сандуғаш Бариевна Матаева қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты ашылуда мектеп мұғалімдерінің қатысуымен ұйымдастырылған пәндермен таныстыру көрінісі көрсетіліп, оқушылар әр пән маңыздылығы туралы мәлімет алды. Олимпиадаға 2-11 сыныптардан 109 оқушы қатысты. Олимпиада алауын жағу құқығына облыстық пәндер және юниорлық олимпиадалар жүлдегерлері Кораблев Мансур және Мавлонова Карина ие болды. Мектепішілк пән олимпиадада 1орынға ие болған оқушылар аудандық пәндер олимпиадасына дайындалады. Тапсырмалардың ерекшелігі оқушылардың білімдерін тексеру, шығармашылық қабілеттерін дамытуы мен қатар басты назарда логикалық тапсырмалардың орын алуы.
Мектеп директорының орынбасары Смагулова Г.К.