image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

Жаңартылған оқу мазмұны бағдарламалары және 3,6,8 сыныптарға арналған оқулықтармен танысу жұмысы бойынша

АҚПАРАТ.

2017-2018 оқу жылы.

Күзгі демалыс мезгілінде Шақат ОЖББМ педагогикалық ұжымы жаңартылған оқу мазмұны бағдарламаларымен және 3,6,8 сыныптарға арналған жаңа оқулықтармен танысу жұмысын өткізген еді. Басты бағыт қазіргі оқыту жүргізіліп жатқан 1,2,5,7 сынып оқулықтарын әзірлеген баспалармен қатар, басқа баспалар ұсынып отырған оқулықтардың элекрондық нұсқасымен танысу жұмысын өткізді. Әр пән әдістемелік бірлестік мүшелері өз бірлестік ішінде талдау жұмысын өткізіп, қорытындысын педагогикалық кеңесте ортаға салды. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің сөзінде оқулықтардың мазмұнындағы жаңашылдық пен қатар оқушыларға жеңіл немесе қиындық туғызатын тапсырмалар, ой-өрісін дамыта отырып, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу және де оқулықтардың ішіндегі ұсынылған материалдың көркемдік жағынан әзірленуі де орын алды. Мектеп әкімшілігінің дайындаған «Оқулық» — «Учебник» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқулықтарды экспертизадан өткізіуі, оқулықтар ұсынатын барлық баспалар туралы ақпаратын мұғалімдер қауымы есепке алып, болашақта жаңа оқулықтармен танысу жұмысын жалғастыру деген шешім қабылданды.

Мектеп директорының орынбасары Г.К.Смагулова