Бақытты балалық шақ
Жыл сайын 20 қараша — Дүниежүзілік балалар күні аталып өтіледі. 1959 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елдерге әлемдегі балалардың саулығы мен олардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін « Бала құқықтары» туралы Конвенция қабылдады. 2002 жылы 2 қыркүйекте еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев осы Конвенцияға қол қойды, сөйтіп Қазақстанның « Балалар құқығы » туралы Заңы енгізілді .Оқушыларды құқықтық сауаттылыққа, еркіндіктерін құрметтей білуге, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары өткізіліп, кітапханада « Бала құқығы –адам құқығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Бақытты балалық шақ» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары үлкен үзілістерде өлең- тақпақтар айтып, жұмбақтар шешіп ой-өрістерін кеңейтті. 5-7- сыныптар викторина сұрақтарына жауап берді. Мектептегі ұйымдастырылып өткізіліп жатқан іс-шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіне берері мол болып, дені- сау білімді ұрпақтың өсуі біз үшін маңызды болмақ.